Сайт картасы
қаз

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-практикалық орталығы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-практикалық орталығы (ЖООКББҒПО) академиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жетекші құрылымдық бөлім болып табылады. Сонымен қатар ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады және магистранттар мен докторанттардың академия ҒЗЖ жылдық жоспарын анықтайды. ЖООКББҒПО академия ректорының ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау бұйрығымен және Академияның Оқу Кеңесінің шешімімен құрылған.

ЖООКББҒПО өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәдени құндылықтарды сақтау» жарлығымен, Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім берудегі оқу бағдарламаларын орындауда, Білім мекемелері жайлы типтік ережелермен, ғылым және білім саласындағы басқа да құқықтық-нормативтік актілермен, академияның Оқу Кеңесінің шешімдерімен, академия ректорының бұйрықтарымен, қазіргі ережелерді басшылыққа ала отырып ұйымдастырады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-практикалық орталығының (ЖООКББҒПО) негізгі мақсаттары мен жұмыс түрлері (Миссия)

Миссия: Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Магистратура, Докторантура бағдарламалары мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет етуін қолдау.

Негізгі мақсаттары:

  • Магистратура және докторантурада оүдерісін ұйымдастыру;
  • академияның ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру;
  • әлемдік ғылыми-білім беру және мәдени-ақпараттық кеңістікте білім беру, ғылым, мәдениет, өнер және технологияны дамыту жүйесі мен мониторингін өткізу және ұйымдастыру;
  • халықаралық мәдени және білім беру кеңістігінде академияның технологиялық интеграциясын жасау және зерттеу;
  • зерттеу жұмыстарының және жасалған нәтижелерді жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • әлемдік ақпараттық кеңістікте академияның шығармашылық және ғылыми-зерттеу, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының зерттеу нәтижесін шығару;
  • жоғарғы оқу орындарына ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін дамытуға ықпал ету;
  • академияның ҒЗЖ тақырыптарына сәйкес магистранттар, докторанттардың, ізденушілер және жобалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пікір жазу, анықтама жасау;
  • өнер саласында жинақталған ұтқырлық нәтижесі арқылы интернациоланған білім жүйесін жасау:
  • басқа мәдениет және тілдерді оқу арқылы полимәдениетті қоғамды дамыту.

 

ЖООКББҒПО  ғылыми-зерттеу жұмыстарын академия факультеттерімен, кафедраларымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми мекемелерімен тығыз байланыста жүргізеді.

 

+