Сайт картасы
қаз

Докторантура PhD

Миссия:

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – көпсатылы, көпсалалы оқу орны, Қазақстан Республикасының көркемөнер зиялыларын дайындайтын орталықтың бірі, түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайды.

   Докторантура – кәсiби бiлiм берудiң жоғарғы сатысы,  аяқтаушы буын, сондықтан докторантураның бағдарламасында көрсетiлетiн талаптар, iргелi бiлiм беретiн, әдiстемелiк және зерттеу дайындықтарын және пәндердi тереңдетіп оқытуды жобалайды.

   Докторанттардың ғылыми-зерттеулері - өнертанудың және кәсіби білім берудің басты бағыттары бойынша жүргізіледі. 

 

Міндеттері:

  • Докторанттарды дайындауда және іргелі білім беруде қазіргі деңгейді қамтамасыз ету;
  • докторанттардың академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау;
  • креативтi шығармашылық ойлауға мүмкiндiк туғызатын академиялық ортаны қалыптастыру;
  • өнертанудағы қазіргі зерттеу ықпалын дамыту;
  • әлемдегі жетекші өнер университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының халықаралық ынтымақтастығын кеңейту;
  • материалдық-техникалық базаны әрдайым жақсарту және кадр әлеуетін нығайту.

   2009 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында алғаш рет өнер саласында ғылыми кадрлар дайындайтын PhD докторантура ашылды.

 

Докторантура бойынша мамандықтар тізімі

 

Мамандық шифрі

 

Мамандық аты

1

6D040600

Режиссура

2

6D040700

Актер өнері

3

6D040800

Эстрада өнері

4

6D041300

Кескіндеме

5

6D041500

Мүсін

6

6D041600

Өнертану

7

6D041700

Сән өнері

 

PhD докторантурада жоғары академиялық дәреже беретін ғылыми кадрлар дайындайды. Докторанттар дайындау үдерісінде халықаралық аспекті негізгі болып табылады: шетелдік жетекші ғалымдарды кеңес беруге тарту, міндетті түрде танымал халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарына ғылыми-зерттеу тәжірибелерін өту  және шетелдік ғылыми жинақтарға, ҚР БҒМ  білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен отандық ғылыми журналдарға  мақала шығару.

   Үшжылдық білім беру үдерсі кезінде докторанттарға шетелдік тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасалады.Оқу жылдары кадемия докторанттары шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтті: АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Ресей, Финляндия, Франция, Германия, Үндістан, Түркия және т.б.

   2015 жылы қаңтар айында зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 25 ғылыми мақала импакт-факторы бар журналдарда, 70 мақала шетелдік және отандық халықаралық конференциялар мен БҒМ  білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен отандық ғылыми журналдарда жарияланды.

   2009 жылы академияға - 10 бюджеттік орын, 2010 жылы - 9 бюджеттік орын, 2012 жылы - 10 бюджеттік орын, 2013 жылы - 6 бюджеттік орын, 2014 жылы - 7 бюджеттік орын берілді. 

   Соңғы екі жылдары жас РhD докторлар өнер мен мәдениет саласында белгілі қызметтер атқарып, өздерінің айтарлықтай үлестерін қосып жүр: Андрей Хазбулатов – КазНИИК директоры, Сабыр Байзаков – Қазақстан Республикасында Корей елшілігінің қоғамдық дипломатия бойынша ерікті елшісі, Даулет Досбатыров – Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, Жадыра Тойбаева – «Қазақстан» телеканалының шеф-редакторы, Көптеген РhD докторанттар ғылыми-педагогикалық жұмыстарын академияда жалғастыруда.

 

2015-2016 оқу жылындағы докторанттар контингенті

Шифр:

 

Мамандық:

 

барлығы

1 курс

2 курс

3 курс

бюджет

бюджет

бюджет

6D040600

РЕЖИССУРА

2

2

-

-

6D040800

ЭСТРАДА ӨНЕРІ

1

1

-

-

6D041600

ӨНЕРТАНУ

14

1

6

6+1 (акад.отп.)

6D041700

СӘНДІК ӨНЕР

2

1

1

-

 

ЖИЫНТЫҒЫ:

19

5

7

7


Қазақ ұлттық өнер академиясына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2017-2018 оқу жылына PhD докторантура деңгейінде 6D041600 «Өнертану» мамандығына – 2 орын, 6D040600 – «Режиссура» мамандығына – 3 орын бөлінді. 

+