Сайт картасы
қаз

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)

АНЫҚТАМА 

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің жыл сайынғы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу туралы

   Т. Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы СҒЗЖ республикалық байқауы 2015 жылдың 15 наурызында өткізілді.

   Жұмыс барысында 19 ғылыми жұмыс қарастырылды: "Бейнелеу өнері" бойынша - 4, "Дизайн" бойынша - 1, "Сәндік-қолданбалы өнер" бойынша - 3, "Кино және ТВ өнері" бойынша - 4, "Театр өнері" бойынша - 2, "Хореографиялық өнер" бойынша - 4, "Музыка өнері" бойынша - 1.

   Жалпы алғанда, байқау өз мақсатына жетті. Студенттердің белсенділіктері, білім мен өнерге деген талпыныстары, шығармашылықтың психологиясын түсінуге деген құлшыныстары артты. Барлық бірлестік жетекшілері баяндама қорғаудағы жауапкершіліктің артқандығын, суреттеуге емес, өнертанулық талдаулар жасауға деген студенттердің белсенділіктерін баса айтты.

   Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы "Өнер" бағыты бойынша негізгі ЖОО болғандықтан, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының ІІ кезеңін ұйымдастырды. ІІ кезеңнің мақсаты - ҚР мәдениет және өнеріндегі ЖОО ұсынған жарқын да таңдаулы ғылыми жұмыстарды ашу. Жұмыстарды талдау үшін байқаулық комиссия құрылып, бөлімдер бекітілді:

  • Бейнелеу өнері;
  • Дизайн;
  • Сәндік-қолданбалы өнер;
  • Кино және ТВ өнері ;
  • Театр өнері;
  • Хореография өнері;
  • Музыкалық өнер.

   ҚР ЖОО-нан 19 ғылыми жұмыс ұсынылды : Қазақ ұлттық өнер университетінен - 5 (Астана қ.), М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нен - 4 (Орал қ.), М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нен -1 (Шымкент қ.), Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан - 9 ( Алматы қ.).

   Комиссия келіп түскен жұмыстарды қарап шығып, мынандай шешімге келді:

 "Кино және ТВ өнері" бөлімі бойынша 1-орын және БҒМ 1-дәрежелі дипломымен:

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті Е.Б. Смайлова (жетекшісі - Б.Нөгербек)

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Заманауи фильмдерді  қазақ  тіліне  дубляждау мәселелері».

 

"Хореографиялық өнер" бөлімі бойынша 1-орын және БҒМ 1-дәрежелі дипломымен

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 3-курс студенті Г.Ж. Жантейісова (жетекшісі - К.Д. Айткалиева).

Ғылыми жұмыс тақырыбы:  «Қазақ биіндегі «Салтанат» мемлекеттік  би  ансамбілінің  орны»

 

"Бейнелеу өнері" бөлімі бойынша 1-орын және БҒМ 1-дәрежелі дипломымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3-курс студенті А. Адильбекова (жетекшісі - Қ.С. Оразқұлова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Бүгінгі  бейнелеу өнеріндегі  суретшілердің  шығармашылығындағы  инсталяция  өнері».

 

"Театр өнері" бөлімі бойынша 1-орын және БҒМ 1-дәрежелі дипломымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті Г.Б. Садвакасова  (жетекшісі - З.У. Исламбаева)

Ғылыми жұмыс тақырыбы:  «Қазіргі  қазақ сценографиясының  даму  бағыты»

 

"Сән өнері" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 2-дәрежелі дипломымен

Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті А.Маметкаримова  (жетекшісі - А.М. Асылбекова)

Ғылыми жұмыс тақырыбы:   «Қазақ дәстүрлі  зергерлік  өнеріндегі  өңірлік  ерекшеліктер.»

 

"Театр өнері" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 2-дәрежелі дипломымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3-курс студенті А.С. Тлеубергенова (жетекшісі - З.У. Исламбаева)

 Ғылыми жұмыс тақырыбы:   «Бүгінгі  балалар  драматургиясының  мәселелері».

 

"Кино және ТВ өнері" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 2-дәрежелі дипломымен

  1. А.Е. Мейранова,Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті (жетекшісі - Г.А. Мурсалимова)

Ғылыми жұмыс тақырыбы:    «Қазіргі қазақ  киносындағы  актер  шеберлігінің  даму  мәселелері».

  1. А.А. Поршнева, Қазақ ұлттық өнер университетінің 4-курс студенті (жетекшісі - И.Т. Смаилова)

 Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Трансформация  киноязыка  в  современном  документальном  кино  Казахстана».

 

"Бейнелеу өнері" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 2-дәрежелі дипломымен

Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті А.Н. Мейірбекова (жетекшісі - А.М. Асылбекова)

Ғылыми жұмыс тақырыбы:  «Образ  женщины  в  казахской  живописи»

 

"Хореографиялық өнер" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 2-дәрежелі дипломымен

Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті А.Т. Даукешова (жетекшісі - Д.Е. Қабдусова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы:   «Развитие  новых направлений  хореографического  искусства  в  европе и Казахстане: исторический и современный контексты»

 

"Музыкалық өнер" бөлімі бойынша 2-орын және БҒМ 3-дәрежелі дипломымен

Қазақ ұлттық өнер университетінің 4-курс студенті Т.С. Габдрахман (жетекшісі - М.Т. Даулетбақ).

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Қазақ эстрада  өнерінің  жаңа  бағыттарының  дамуы: тарихи тәжірибе және  қазіргі  заман.»

 

"Сән өнері" бөлімі бойынша 3-орын және БҒМ 3-дәрежелі дипломымен:

  1. М.Өтемісов атындағы БҚУ 4-курс студенті Ұ.Б. Айтжан (жетекшісі - Ф.С. Жапақова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Қазақтың  дәстүрлі  кәсіп  түрлерін  қолданысқа  енгізу  мен  материалдық  рухани  құндылықты  насихаттау».

  1. М.Өтемісов атындағы БҚУ 4-курс студенті С.С.Сағынғалиева (жетекшісі - Т.М. Амреева)

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Қазақ  ұлттық  ою-өрнек  өнерінің  тарихи  дамуы  мен  ерекшеліктеріне  мазмұндық  сипаттама.».

 

"Хореография өнері" бөлімі бойынша 3-орын және БҒМ 3-дәрежелі дипломымен:

   1. С.К. Мұхамбетова, М.Өтемісов атындағы БҚУ 3-курс студенті (жетекшісі - А.З. Шукирова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Хореографическое наследие Казахстана как средство  ознокомления  моложежи  с культурой».

   2. М.К. Амире, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2-курс студенті (жетекшісі - Г.Б. Бакирова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы:  «Қазіргі  замандағы  қазақ  билерінің  болашағы  мен  мәселелері».

 

"Дизайн" бөлімі бойынша 3-орын және БҒМ 3-дәрежелі дипломымен::

А.Б. Аманжолова, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті (жетекшісі - Г.С. Мұхтарова).

Ғылыми жұмыс тақырыбы:  «Kimeshek and  saukele as  cultural heritage». 

 

 

Байқаулық комиссия төрайымы,

ғылым жөніндегі проректор, филос.ғ.д., профессор

К.З.Халыков

 

Байқаулық комиссия хатшысы,

PhD доктор, аға оқытушы

Н.Р. Ескендиров

 

Құжаттар

Рекомендации по организации и проведению ежегодного конкурса НИРС высших учебных заведений Республики Казахстан

НИРС ректорам

Приложение №4. Протокол конкурсной комиссии НИРС от КазНАИ им.Т.Жургенова

 

+