Карта сайта
рус

В Казахской национальной академии искусств имени Т.Жургенова для студентов по специальности 5B041600 – «Искусствоведение» будет проведена Республиканская предметная олимпиада

20.03.2019

Заявки принимаются до 20 марта 2019 года

 

Все расходы, связанные с участием в Олимпиаде, оплачиваются за счет отправляющих сторонам. Желающие принять участие в Олимпиаде могут ознакомиться с нижеуказанным положением.

 

5B041600 – «Өнертану» мамандығы

бойынша жоғарғы оқу орындарында білім алатын

 студенттерге арналған Республикалық пәндік олимпиада туралы

 

ЕРЕЖЕ

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 

15.01.2011 ж. бұйрығына сәйкес)

 

  1. Жалпы ереже

 

ЖОО студенттеріне арналған Республикалық пәндік олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өткізеді.

ЖОО студенттеріне арналған Республикалық пәндік олимпиада өнер саласы бойынша мамандарды дайындауда біліктілігін арттыруға, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға, кәсіби жан-жақтылығын қамтамасыз етуге негізделген.

Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес (бакалавриат) құрастырылған.

Республикалық  пәндік олимпиада шығармашылық жұмысты жазбаша түрде көрсетуден және оның сапасын бағалау мен жеңімпаздарды құттықтаудан тұрады. 

Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушылар кәсіби біліктілігін, шеберлігі мен машықтылығын және шығармашылық пен жоғарғы кәсіби мәдениеттілігін жан-жақты көрсету керек.

 

  1. Олимпиаданың міндеттері мен мақсаттары

 

Олимпиада өнер бакалаврын дайындау сапалылығын анықтау мақсатында және шығармашылыққа негізделген ЖОО студенттерінің шеберлігін жетілдіру мақсатында, теориялық және тәжірибелік білім  барысында алынған білімін, шеберлігі мен машықтылығын көрсету және шығармашылық тұрғыдан өсуге мүмкіндік туғызумен қатар шығармашылық мамандықтардың дәрежесін арттыру үшін, талантты және дарынды студенттерді анықтау мақсатында өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі міндеті – болашақ маманның біліктілігін толық жетілдіру және кәсіби дайындығын дамыту болып табылады.

 

  1. Олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру

 

3.1 Олимпиада «Өнертану» мамандығы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетімен өткізіледі:

– I  кезең – Академияішілік олимпиада;

– II кезең – Республикалық пәндік олимпиада.

3.2 Олимпиаданы өткізу және дайындау жұмыстарын ұйымдастыру Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ректораты бекіткен ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының студенттері мамандық бойынша қатыса алады. Ұйымдастыру комитетінің құрамына оқу орнының факультет өкілдері кіреді, соның негізінде Республикалық пәндік олимпиада өтеді.

1 кезеңдегі олимпиаданың өткізу мерзімі оқу жылының қазан айының 1-нен қаңтар айының 1-не дейінгі аралықта өткізілу керек.

2 кезең – 1 қаңтардан 1-сәуір аралығында өткізілуі тиіс.

 

  1. Олимпиаданың шарттары мен өткізу мерзімі

 

  • Республикалық олимпиадаға қатысу үшін ЖОО ішілік олимпиада

кезеңінің жеңімпаздары – олимпиаданың өтуіне 10 күн қалғанға дейін өтініштерін өткізген 5В041600 – «Өнертану» мамандығының 2-3 курс студенттері жіберіледі.

4.2 5В041600 – «Өнертану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада 26.03.2019-29.03.2019 ж.ж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтеді.

4.3 Олимпиада студенттердің берілген тақырыптар аясында шығармашылық жазбаша жұмыс орындауынан тұрады.

4.4  Ұсынылған өнер шеберлері мен көркем туындылардың мазмұны мен күрделілігі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бакалавриат) сәйкес болуы тиіс.

4.5  Мамандық бойынша ЖОО олимпиадаға қатысушылар саны 5-7 адамнан артық болмауы керек.

         4.6 Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады. 

          

  • Қорытындылау, олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

 

5.1 5В041600 – «Өнертану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бекіткен комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері шығарады.

5.2 Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ең жоғарғы көрсеткіштер бойынша анықталады (балл бойынша).

  • Олимпиада жеңімпаздарына 1, 2, 3 орындар беріледі.
  • Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша хаттама жасалады. Олимпиада хаттамасы ұйымдастырушы комитет төрағасымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

 

 

Ректор                                                            Маемиров А.

Ұйымдастыру комитетінің телефоны:

«Өнертану» факультетінің деканаты – 261-62-81

 

Байланыс телефоны: 261-13-19

Факс:                           261-15-98

E-mail:    onertanu2014@mail.ru

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар:

 

«Театртану» мамандандыруы үшін:

«Театртану» мамандандыруы бойынша олимпиадаға қатысушы әлемдік және қазақ театр өнерінің тарихы, театрлық процестердегі құбылыстарды талдай білуі, заманауи театрлық процестердің өзекті мәселелеріне өзіндік көзқарасын білдіруі, спектакльдердің жанрын, оқиғасын, тақырыбын, идеясын талдай білуі, спектакльге рецензия жаза білуі қажет. Сонымен қатар жоғары жалпы білімі мен интеллектуалды потенциалы болуы тиіс.

 

Жазбаша жұмыс – таңдалған тақырып бойынша спектакльге рецензия жазу. Жұмыстың орындалу уақыты –  4 сағат.

Жазбаша жұмыста тақырып негізделіп, мақсат пен міндеттер қойылып, өзекті мәселелер түйінделіп, спектакльдің өзіндік жанры, мазмұны, тақырыбы, идеясы талдануы міндетті. Режиссерлік концепцияны айқындап, сценографиядағы бейнелік шешімдерді тауып, актерлік жұмыстарды талдай білетінін көрсете алуы қажет.

 

Жазбаша жұмысқа қойылатын талаптар:

 

Театртану» мамандығы бойынша олимпиадаға қатысушылар жазбаша жұмыс бойынша таңдаған спектакльге қатысты өз түсініктерін толық ашуы қажет. Осыған байланысты қатысушы театр өнері тарихынан жеткілікті білім деңгейін көрсетіп, заманауи театрлық процестерден хабардар болып, драматург, режиссер, актер, сценограф шығармашылығының өзіндік әдіс-тәсілдерін біліп, өз ой-пікірін қисынды түрде жеткізіп және өз ұстанымын сенімділікпен дәлелдеуге тиісті.

Жұмыс көлемі – 5 бет.

 

 

«Кинотану» мамандандыруы үшін:

«Кинотану» мамандандыруы бойынша олимпиадаға қатысушы әлем және қазақ киносының тарихымен жақсы таныс болуы және бүгінгі кинематографиялық процестегі мәселелер туралы өзіндік жеке пікірі болып, киношығарманы жан-жақты талдай білуі қажет. Білім деңгейі мен интеллектуальдық потенциалы жоғары болуы тиіс.

 

Жазба жұмысында жеке кинематографиялық шығармаларға (көркемсуретті немесе деректі фильм) немесе берілген нақты тақырып бойынша рецензия жаза білуі тиіс. Жұмыстың орындалу уақыты – 4 сағат.

 

Жазба жұмысына қойылатын талаптар:

 

Олимпиадаға қатысушы жазба жұмысына таңдалған тақырып бойынша өзінің түсінігін толық аша білуі қажет; кинематографиялық өнердің тарихы бойынша білімінің жеткілікті деңгейде екендігін дәлелдеуі керек; бүгінгі кинематографиялық әлемде болып жатқан жаңалықтармен және фильмнің түсірілуі барысындағы шығармашылық тәсілдердің ерекшеліктерімен жақсы таныс болуы қажет; өзінің ұстанымын нақты дәлелдей алуы және ойын жеткілікті түрде еркін жеткізе білуі тиіс.

Жұмыс көлемі – 5 бет.

 

«Кинотеледраматургия» мамандандыруы үшін:

Кинотеледраматургия мамандығы бойынша олимпиадаға қатысушы әлем және қазақ драматургиясының тарихын білуі, қазіргі сценарий жұмыстарын өзіндік талдауы, драматрургиялық шығармаларға талдау жасай білуі тиіс. Жан-жақты, жоғарғы интелектуалды потенциялды болуы қажет.

 

Жазба жұмысында жеке драматургиялық шығармаларға (көркемсуретті және деректі сценарий) немесе берілген тақырыпқа рецензия жазу. Жұмыс орындалу уақыты – 4 сағат.

 

Жазба жұмысында орындалатын талаптар:

 

Олимпиадаға қатысушы драматургиялық шығармаға немесе берілген тақырыпқа  рецензия жазады. Өнер тарихынан өз деңгейлерін жеткілікті түрде көрсете білу, қазіргі драматургия мәселелерінен  хабардар болу, киносценарий  жазудың шығармашылық ерекше тәсілдерін білу, логикалық ойлау қабілеті, өз позициясын нақты дәлелдей білуі керек.

Жұмыс көлемі – 5 бет.

 

«Өнертану» мамандығы үшін:

«Өнертану» мамандығы бойынша пән олимпиадасына қатысушы студент әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің тарихы мен заманауи көркем өнер үрдісі мәселелеріне қатысты өзіндік ой-пікір білдіру және бейнелеу өнері туындыларын көркем сын бағытында  талдай білуге міндетті. Сонымен қатар жоғары  жалпы білімі мен интеллектуалды потенциалы болуы қажет.

Жазбаша жұмыс – бейнелеу өнерінің жеке көркем туындысына рецензия беру (кескіндеме, мүсін, графикалық туындылар)  немесе берілген тақырып бойынша рецензия жазу. Жұмыстың орындау уақыты –  4 сағ.

 

Жазбаша жұмысқа қойылатын талаптар:

 

Олимпиадаға қатысушылар жазбаша жұмыста таңдаған тақырыбы бойынша бейнелеу өнері туындыларына қатысты өз түсініктерін толық ашуы қажет. Осыған байланысты қатысушы студент бейнелеу өнері тарихынан жеткілікті білім деңгейін көрсетіп, көркемдік сын бағытында талдап, заманауи көркемөнер өмірінен хабардар болып, кескіндемеші, мүсінші, график, сәулетші шығармашылығының өзіндік әдіс-тәсілдерін біліп, өз ой-пікірін қисынды түрде жеткізіп және өз позициясын сенімділікпен дәлелдеуге тиісті.

Жұмыс көлемі – 5 бет.

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

ӨТІНІМ

 

Студенттің Т.А.Ә. _______________________________________________

Жетекшінің Т.А.Ә., байланыс мәліметтері___________________________

ЖОО, курс (2, 3)_________________________________________________

 

Ескертпе: дипломдар мен сертификаттарды толтырған кезде қате жібермеу үшін студенттер мен курс жетекшілерінің жеке куәліктерінің көшірмелерін ұсынуды сұраймыз.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 20 наурызға дейін.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады. 

 

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Байланыс  телефоны: 8 (727) 261-62-81

Email: onertanu2014@mail.ru

 

Назад к Афиша
+