Карта сайта
рус

Поздравляем!! Юбиляра!! Молдабекова Муратали Баймаханова.

10.03.2017

Құрметті Мураталы Баймаханұлы!

 

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұжымы Сізді алпыстың асқарына шыққан абыройлы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз ұлттық дизайн өнеріне сапалық өзгерістер әкелген аға буынның көрнекті өкілі, өзіндік ерекше орны бар, ұжымыңыз мақтан тұтып құрметтейтін айрықша әрі қайталанбас біртуар тұлғасыз.

Сіз саналы ғұмырыңызды дизайн өнерімен байланыстырып,  күш-қайратыңызды оның өркендеуіне арнадыңыз. Бүгін де ізіңізді басып, жолыңызды қуған орта және жас буын үшін Сіз дизайн өнеріндегі барша тәлім-тәжрибені ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы таусылмас қайнар көзге айналдыңыз.

Құрметті Мураталы Баймаханұлы! Сізді бүгінгі 60-жылдық мерейтойыңызбен қайта құттықтай отырып, шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды білдіре келе, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Игі тілекпен,

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

өнер академиясының ұжымы

Назад к Новости КазНаи
+