Карта сайта
рус

IX Республиканская олимпиада по дисциплине «Театральное искусство»для студентов, обучающихся в высших учебных заведениях

11.04.2017

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

«Театр өнері» факультеті 5В040700 «Актерлік өнер», 5В040600 «Режиссура» мамандықтары және «Жеке ән салу» пәні бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге арналған тоғызыншы Республикалық олимпиада өтті.

       Олимпиадаға қатысқан ЖОО:

  • Қазақ Ұлттық өнер университеті (Астана)
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент)
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз)
  • Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті (Түркістан)
  • Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (Алматы)

 

Комиссия мүшелері:

Төраға -Обаев Есмухан Несипбаевич  - ҚР Халық артисі, профессор ВАК

  1. Құлбаев Аман Бекенович - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «Театр   өнері»    факультетінің  деканы
  2. Сапаргалиева Гүлдана Ғалымовна - Профессор ВАК, «Жеке ән салу» кафедрасының  меңгерушісі  
  3. Тұранқұлова Дариға - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі
  4. Ақжарқын-Сәрсенбек Оразәлі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының меңгерушісі
  5. Шанкибаева Алия Бахытжановна - өнертану кандидаты, профессор АК, «Сахна пластикасы» кафедрасының меңгерушісі
  6. Тлеуова Қымбат Рамазановна - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Актер өнері және режиссура»    кафедрасының меңгерушісі (Астана)
  7. Сейтметов Кәрімбек - өнертану ғылымының кандидаты, Қожа Ахмет Яссауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ  түрік  университетінің профессоры (Түркістан қаласы)
  8. Қабиева Айгуль Қабиқызы - М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор /Тараз қаласы/
  9. Тоғаев Бақтыкерім Бейсенұлы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің аға оқытушысы (Шымкент қаласы)

 

 

         Олимпиадаға қатысқан студенттердің орындаған конкурстық жұмыстарының бағалары бойынша комиссия мүшелері келесі орындар тағайындады:

5В040600«Режиссура» мамандығы,

«Драма театрының режиссурасы» мамандандыруы бойынша:

I орын

  • Оспанбаева Аридаш «Драма театрының режиссурасы» мамандандыру бойынша 4 курс студенті С.Ямомоты,  «Под стук трамвайных колес» үзіндісі, Көркемдік жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Рахимов А.С. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІ орын

  • Көшербаев Нұржігіт «Драма театрының режиссурасы» мамандандыруы бойынша 4 курс студенті, Еврипид «Медея», Көркемдік жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Рахимов А.С. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
  • ІІІ орын
  • «Режиссура» мамандандыруы бойынша 3 орын берілмеді.

«Актер өнері» мамандығы:

І орын – 3 курс «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының  студенттері Асаубай Мағжан, Конысбай Жансұлтан, Петер Турринидің  «Все, наконец» үзіндісі, көркемдік жетекшісі: Ізтілеуов Д.Ж. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

 

«Драма театры және кино» мамандандыруы бойынша

ІІ орын 2 курс студенттері «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы, Альбер Камю, «Калигула» трагедиясы үзіндісі,көркемдік жетекшісі, кураторы: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Қ.Р. Тлеуова (Астана қ.  Қазақ Ұлттық өнер университеті).

ІІ орын 2 курс студенттері  «Драма театры және кино артисі»/неміс тобы/ мамандандыруы бойынша  Ян Фридрих  «Называй меня Питер» Отрывок по пьесе «Синдром MNIP» үзіндісімен /неміс тілінде/ (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІІ орын 2 курс студенттері «Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша У.Шекспир   «Гамлет»   (трагедиясы) үзіндісі) көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ә.Оразбеков, кураторы: доцент Ә.Қашқабай, (Астана қ.  Қазақ Ұлттық өнер университеті)

ІІІ орын  2,3 курс студенттері «Театр ұжымы жетекшілігі» мамандығы бойынша  авторы:    Б.ЕСЕНАЛИЕВ «Мұхаммед Хайдар   Дулати»   тарихи драмадан үзіндісі,қоюшы, жетекші режиссер: ҚР Еңбек сіңірген әртісі, доцент Сейілханов Асқарбек, кафедра меңгерушісі: ҚР мәдениет қайраткері, профессор  Қабиева Айгүл Қабиқызы ( Тараз қ., М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті )

        ІІІ орын 2 курс студенттері «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандыруы бойынша Оралхан Бөкейдің  «Тортай мінер ақ боз ат...»  үзіндісі,көркемдік жетекшісі: профессор Тұранқұлова Д.А. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІІ орын 2 курс студенттері  «Драма театры және кино артисі»/орыс тобы/ мамандандыруы бойынша Дэвид Айвз «Филипп Гласс идет за хлебом» үзіндісімен, Худ.руководитель:Андриасян Р.С.кураторы курса: Осипова Л.А.; Лебсак И.М. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІІ орын 3 курс студенттері  «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы бойынша авторы:Ш.Айтматов,М.Шаханов «Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот»   (тарихи драма) үзіндісімен, Қоюшы режиссері:  аға оқытушы А.М. Сейтметова, жетекшісі:  ө.ғ.к., профессор К.М. Сейтметов (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті)

 

«Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша

       ІІ орын 3 курс студенттері «Драма театры және кино артисі»  мамандандыруы бойынша Walt Disney компаниясынан аударылған

«Король Лев» музыкалық драмасынан үзінді, көркемдік  жетекшісі: Асанәлі Әшімов.курс кураторы: Кубеков Т. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІ орын 2 курс студенттері «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы бойынша муз.авторы: Алан Менкен «Аладдиннің сиқырлы шамы» (мюзикл) үзіндісі /ағылшын тілінде/, көркемдік жетекшісі, кураторы: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Қ.Р. Тлеуова (Астана қ.  Қазақ Ұлттық өнер университеті).   

ІІІ орын 2 курс  студенттері «Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша автор: Пьер де Бомарше «Фигароның үйленуі» (музыкалық комедия) үзіндісі,көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ә.Оразбеков, кураторы: доцент Ә.Қашқабай, (Астана қ.  Қазақ Ұлттық өнер университеті).

Назад к Новости КазНаи
+