Карта сайта
рус

Скульптурный бюст из бронзы первого министра Обороны.С.К.Нурмагамбетова.

24.05.2017

23 мамыр.2017 жылы. ҚР «Генералдар кеңесінің» тапсырмасы бойынша Кеңестер одағының батыры Қазақстан Республикасының тұңғыш «Халық қаһарманы», тұңғыш Қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағанбетовтың қоладан құйылған мүсіндік бюсті «Медетбек батыр» қоғамдық қорының тікелей демеушілігімен Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының қабырғасында сомдалып жасалынды.

Мүсіндік бюстті сомдаған Мемлекеттік сыйлық иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е.А.Сергебаев.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың портреттік ұқсастығы, батырдың тұлғалық бітімі мейлінше жоғары шынайылықпен қисындылығы жарасқан, ішкі жан дүниесінің мағынасын ашып көрсетудегі үйлесімділік сомдалып отырған тұлғаның болмысында барынша ашып көрсетілген. Батыр С.Қ.Нұрмағанбетовтың мүсіні барлық көркемдік талаптарға сай жоғары дәрежеде орындалған. Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры профессор Б.Н.Нусипжанова «Медетбек батыр» қоғамдық қорының басшылары мен мүшелеріне, жеке генерал-лейтенант Әділ Шаяхметұлы Шаяхметовке шексіз алғысын білдіреді.

Назад к Новости КазНаи
+