Карта сайта
рус

ҚазССР халық суретшісі, ҚР ҰҒА академигі, профессор Тельжанов Қанафия Темір-Болатұлының 90-жылдық мерейтойына арналған, халықаралық студенттік пленэр мен дөңгелек үстелге шақырамыз!

10.10.2017

           Іс-шараның ұйымдастырылу жоспары мен өткізілетін уақыты:

    17 қазан 2017 ж.  басталуы сағат 12.00-де.

    К.Т.-Б.Тельжанов шеберханасының ресми ашылуы және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бас фойесінде «Алматының алтын күзі» атты пленэрлік конкурстың ашылу салтанаты. Қатысушылар – жоғарғы оқу орындарының көркемсурет мамандықтарының студенттері. (Алматы қаласының көрікті жерлерінен этюд жазу).

18 қазан 2017 ж. сағат 09.00-17.00.

«Алматының алтын күзі» атты студенттік пленэр. (Алматы қаласының сыртқы табиғат көрінісінен этюд жазу).  

19 қазан 2017 ж.  сағат 10.30.

«Алматының алтын күзі» атты студенттік пленэрдің нәтижесі бойынша этюдтік жұмыстардың конкурстық көрмесінің ашылуы және комиссияның  жұмысы.

19 қазан 2017 ж. сағат 11.00-12.30.

 «Суретші және оның заманы: Қазақстан өнеріндегі ұлттық романтизм» тақырыбында өтілетін, Тельжанов Қанафия Темір-Болатұлының  90-жылдық мерейтойына арналған шығармашылық дөңгелек үстел.

19 қазан 2017 ж. сағат 12.30-13.00

Пленэрлік конкурстың жеңімпаздарын марапаттау және іс-шараның жабылу рәсімі.

 Мекен жайымыз:

Алматы қ-сы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ

Ұлттық өнер академиясы

Алматы қ-сы, Панфилов к-сі, 127 үй (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында)

 

Ұялы тел. 8 777 666 95 43 Майя

Назад к Новости КазНаи
+