Карта сайта
рус

«Қазақстан композиторларының романстар жинағы» атты тұсаукесері болып өтті

06.11.2017

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультеті «Жеке ән салу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан композиторларының романстар жинағы» атты тұсаукесер болып өтті. Аталған шараның барысында белгілі және жас буын Қазақстан композиторларының шығармалары бойынша кафедраның әнші-ұстаздары өздерінің  романс жанры бойынша әндерін орындады. «Жеке ән салу» кафедрасының   шығармашылық қойылымдары бойынша есеп беру концерттік бағдарламаны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлдана Сапарғалиева,   Аталмыш кафедрасының профессоры Дәлел  Уашев, Қазақстан халық ағарту ісінің құрметті қызметкері, доцент Галина Қарамолдаева және  доцент Тілеубек Қожанұлы сынды оқытушы-профессорлар құрамы жүргізді.

Бүгінгі өнер тәлімгерлерінің мақсаты – халқымыздың  өнері мен мәдениетінде кеңінен орын алатын ән өнерін отандық және әлемдік қауымдастық назарына кеңінен таныстыру және ұлықтау.   

 

Назад к Новости КазНаи
+