Карта сайта
рус

Өнер Академиясында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті

12.12.2017

   Тәуелсіздік күні – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылы 16 желтоқсанда, бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн  қазақ өнерін әлемдік деңгейге көтерілуіне, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға   қолымыз жеткен ұлы күн болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма алты  жыл толып отыр.  Қазақ өнерінің қара шаңырағы осынау Ұлы мерекені ұлықтауды бастап та кетті.

   2017 жылдың 11 желтоқсанында    Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында Қазақ өнерінің қара шаңырағында өнер саласының қалыптасуы мен дамуы жолында халқымыздың егеменді өміріне елеулі үлес қосып жүрген    оқытушы-профессорларды   Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, Қазақстанға еңбек сіңірген  мәдениет қайраткері, профессор Бибігүл Нүсіпжанова құттықтады.  «Еліміздегі Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің тарихындағы бетбұрыс кезеңі болып,  қазақ өнерінің қайта жандануына шабыт берді", – деп атап өтті ректор өз сөзінде.  Сондай-ақ, Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстың қорытындылары бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының келесі студенттері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің І-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

    «Өнертану» бөлімі бойынша «Өнертану» мамандығының студенті Елтай Балеркеге – ғылыми  жетекшісі Жаңбыршиева А.О., «Театртану» бөлімі бойынша «Өнертану» мамандығының студенті Еренғайып Барқытқа – ғылыми жетекшісі Жақсылықова М.Б.  бірінші дәрежелі дипломымен  марапатталды.  Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурсты өткізуге белсенді ат салысқаны үшін  Академияның   «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті, PhD докторы Нөгербек Баубек Бауыржанұлы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Жанбыршиева Айгуль Орынбасаровна  - Қазақстан Республиксының Білім және ғылым министрлігінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесіне орай, білім беру саласы мен жас ұрпақ  тәрбиесіне бағытталған еңбегі мен  атқарған игі істері үшін грамоталарды академиямыздың  оқытушылары: Садыкова Айгуль Егинбаевна, Муканбетов Еркебулан, Шаганова Арайлым, Маймаков Анвар, Назимхан Улдай,  Жоғары кәсіби шеберлігі мен көпжылдық адал еңбегі үшін, білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге қосқан зор үлесі мен маңызды табыстары үшін Молдабеков Мураталы, Самбетжанова Рая , Даныбаева Жибек, Токпанова Манзураға грамоталар табысталды. Жоғары кәсіби шеберлігі мен көпжылдық адал еңбегі үшін, білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге қосқан зор үлесі мен маңызды табыстары үшін  Джанабаева Орынгуль, Джексембаев Еркин, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Академияның келесі жұмыскерлері  Архабаев Хасен, Нарынова Мариягул, Уразимбетова Раъно, Білім беру мен тәрбиелеу үдерістерінің біртұтастығын қамтамасыз етіп, бүгінгі жастарымыздың өнегелі, құзырлы тұлғасын қалыптастыруға және өнер саласына білікті мамандар даярлауға өз үлестерін қосып келе жатқан, оқу әдебиеттерін әзірлеудегі және оқу құралдарын шығарудағы жетістіктері, интерактивтік технологияларды және әдістерді оқу үдерісіне енгізгені үшін  Канатбек Тауенов, Әлия Бияздықова, Салтанат  Қосназароваларға Ректордың бұйрығымен  Алғыс жарияланып марапаттау қағазы табыс етілді.

  Сонымен қатар, аталған кеште ACQUIN аккредитациялау, сертификаттау және сапамен қамтамасыз ету институтының өкілдерінің қатысуымен қызықты мерекелік концерт өткізілді. Германиядан келген ACQUIN өкілдігі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 5В040400/6М040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер», 5В040900/6М040900 – «Хореография», 5В042100/6М042100 – «Дизайн»  жалпы білім беру бағдарламалары аясында  мамандандырылған аккредитациядан өткізуге ішкі сараптау комиссиясы өнер мамандықтарын әлемдік деңгейге  көтеру мақсатында дәріс беру, семинар, тәжіреибе алмасу бойынша жұмыстар жүргізуде. Міне, тәуелсіздік мерекесін ұлықтауда Академияда оқып жатқан өнер майталмандары алыс шетелден келген албаниялық (германиялық) қонақтарға, оқытушы-профессорлар құрамына, жастарға өз өнерлерін ұсынды.  Салтанатты жиында Академияның мақтанышына айналған «Музарт Live» тобының,  «Алатау» этно-фольклорлық  ансамблінің   Даулеткерейдің «Қөрұғлы» күйін, Мұратхан Дияс, Анапия Тілеубай, Жұмабай Сауле, Ағланова Ұлжан студенттер орындауындағы - Иса Байзақовтың «Желдірме» әні, Біржан Салдың «Айтбай»  әні, Манарбек Ержановтың «Сайра Бұлбұл» әні,  Кенен Әзірбаевтың «Шырқа даусым»   және тағы да басқа студенттердің орындауындағы әсем ән мен тәтті күйлерді жиналған көпшілікті ерекше қызықтырып тәнті етті.  

 

Назад к Новости КазНаи
+