Карта сайта
рус

Академия студенті Бексұлтан Кенішқалиев халықаралық байқаудан екі бірдей Гран-приді иеленді

12.08.2019

Академия студенті Бексұлтан Кенішқалиев халықаралық байқаудан екі бірдей Гран-приді иеленді

       Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров Литва елінде өткен екі бірдей халықаралық байқаудың бас жүлдесін еншілеген, өнерімен әлемді мойындатып келген академияның "Эстрадалық вокал" мамандығының 3-ші курс студенті БЕКСҰЛТАН КЕНІШҚАЛИЕВТІ қабылдады.

      Бексұлтан Кенішқалиев халықаралық байқауға бірінші рет қатысты. Әлемдік деңгейдегі өнер додасында оның бағы жанып, бір емес екі бірдей Гран-приді иеленді. 

      Екі байқау да Литва мемлекетінде өтті. Біріншісі - «Паланга-2019» XV-ші халықаралық әншілер байқауы. Екіншісі - «The Voices Lithuania» әлемдік телевизиялық байқау. 

      Бексұлтан Кенішқалиев «Паланга-2019» байқауында Естайдың әні - Құсни Қорланды орындаған. Дәл осы шығарма оның бағын ашыпты. 
Ал, «The Voices Lithuania» әлемдік телевизиялық байқауына 24 мемлекеттен үміткерлер қатысқан. Бексұлтан Кенішқалиев бұл өнер додасында Элтон Джоның «Sory seems to be»- әнінің нақышына келтіріп орындап, ең жоғары ұпай санымен бас жүлдеге ие болды.

      «Біздің академия үшін бұл үлкен жетістік. Бексұлтан баламыз Литва мемлекетінде Қазақстанның намысын қорғады. Үмітімізді ақтады. Жас таланттарды қолдау, ел өнерін халықаралық аренада дәріптеу - біздің еліміздің мәдени саясатындағы басты бағыттардың бірі. Негізі еуропалықтар қазақтың ән өнеріне тәнті. Себебі, біздің дарынды жастарымыз әмбебап. Олар қазақстандық өнер иелерінің бойындағы ерекшеліктерге таңқалады. Ол рас, біздің талантты жастарымыздың өнері саф алтындай таза. Табиғи шынайылық бар. Тек соны ары қарай дамытып, жетілдіріп отыру керек»,- деді Асхат Маемиров.

Назад к Новости КазНаи
+